Смайылов «ЭксонМобил» аға вице-президентімен Теңіз және Қашаған кен орындарын дамыту мәселесін талқылады

Әлихан Смайылов «ЭксонМобил» компаниясының аға вице-президентімен Теңіз және Қашаған кен орындарын одан әрі дамыту мәселесін талқылады Сәрсенбі, 4 қазанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «ЭксонМобил» компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Тараптар болашақта Теңіз кен орнында сағалық қысымды кеңейту және басқару жобаларын іске асыруды, Қашаған кен орнын одан әрі игеру жоспарларын, сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу және газ бөлу кешенін салу мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыру экономиканың базалық салаларын дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты ол операторлардың қажеттіліктері үшін өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.

«Бұл қазіргі уақытта импортталатын бірқатар мұнай-газ машина жасау өнімдеріне деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді», — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, Премьер-Министр Үкімет бірлескен жоспарларды іске асыру шеңберінде компаниямен сындарлы диалогқа әрқашан ашық екенін атап өтті.

Өз кезегінде Джон Уилан «ЭксонМобил» Қазақстанда өз өкілдігін ашқан шетелдік халықаралық мұнай компанияларының арасында алғашқылардың бірі болғанын еске салды.

«Бүгінгі таңда біз республикаға $28 млрд-тан астам инвестиция салдық, бұл бізді ең ірі шетелдік инвесторлардың біріне айналдырады. Қашаған, Теңіз және Каспий құбыры консорциумы сияқты ірі жобалардағы бұрыннан келе жатқан серіктес бола отырып, біз екіжақты байланыстарымыз бен стратегиялық серіктестігімізді одан әрі нығайта түсеміз деп үміттенеміз», — деді ол.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1807 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3783
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2439
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3191
Forbes Video

Нуртас Адамбай: ислам - решение всех проблем?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить