МАЭК-тегі жөндеу жұмыстары күзден кейін де жалғасады

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы жөндеу жұмыстары күзден кейін де жалғасады. «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінде «KEGOK» АҚ ұлттық диспеткерлік орталығының директоры Ерасыл Шынасылов осындай мәлімет айтты.

«МАЭК-тегі №2 Жылу-электр орталығының екі турбоагрегаты істен шыққан болатын. Қандай сабақ алдыңыздар? Ондай апат болмау үшін не істеп жатырсыздар?», - деп сұрады қоғамдық кеңес төрағасы Болат Жәмішев.

«KEGOK» өкілінің айтуынша, аталған №2 жылу-электр орталығының генераторын жөндемесе, апат қайталануы мүмкін.

«МАЭК туралы айтсақ, менің білуімше кәсіпорын жаңа реттегіш қондырғы салып жатыр. Оның ішінде пайдалы әсер коэффиценті анағұрлым жоғары газ турбинасын орнатады. Қазір қолданыстағы қондырғыны реконструкциялап жатыр. №2 блок жөнделуде. Оның генератор білігі Алматыда жөнделіп жатыр. Қарашаның аяғына қарай іске қосылу керек. Осыдан кейін №3 блокта жөндеу жұмыстары басталады. Бір сөзбен айтқанда ол жерде генераторды жөндемесе болмайды», - деді «KEGOK» АҚ ұлттық диспеткерлік орталығының директоры Ерасыл Шынасылов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1779 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Казахстанские хакеры работают на НАТО?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить