Қазақстандықтар мейрамхана мен дәмханаға қанша ақша жұмсайды?

Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, елімізде тұру және тамақтандыру қызметтерін ұсынатын 10,2 мың кәсіпорын тіркелген, бұл былтырғыдан 8,2% көп. Оның ішінде 8,2 мың кәсіпорын жұмыс істеп тұр, көрсеткіш бір жылда 10,4% көбейген. Тіркелгендердің ішінде жұмыс істейтін компаниялардың үлесі 80,3%, деп хабарлайды energyprom.kz.

Жалпы, жұмыс істеп тұрған компаниялардың үлесі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2017 жылдың тамызында бұл көрсеткіш небәрі 65,6%, 2019 жылы — 72,1%, 2022 жылы — 78,7% болды.


Саладағы барлық жұмыс істейтін компаниялардың үштен бірі Алматыда орналасқан: 2,7 мың кәсіпорын — былтырғыдан 12,2% артық. Барлық компаниялардың тағы төрттен бір бөлігі Астанада орналасқан: 2,2 мың кәсіпорын, жылдық өсім 6,9%. Қарағанды облысы үшінші орында: 342 кәсіпорын (бір жылда 9,3% көбейген).

HoReCa секторындағы ең аз компаниялар Ұлытау (23 кәсіпорын), Жетісу (84 кәсіпорын) және Солтүстік Қазақстан (97 кәсіпорын) облыстарында.


Биыл екінші тоқсанда ҚР-дағы мейрамханаларға, дәмханаларға және ұқсас мекемелерге жұмсалған шығын орташа есеппен жан басына шаққанда 2,1 мың теңгені құрады, бұл былтырғыдан 15,6% артық.

Өңірлер бойынша алматылықтар мейрамханалар мен дәмханаларға ең көп ақша жұмсаған: орта есеппен жан басына шаққанда 3,9 мың теңге — былтырғыдан 10,7% артық. Одан кейін Қызылорда және Алматы облыстары: әр облыста 3,7 мың теңге.

Мейрамханалар, дәмханалар және ұқсас мекемелерге ең аз шығын Маңғыстау облысында тіркелді: кем дегенде, ресми дерек бойынша, бір тоқсанда тоқсанда небәрі 39 теңге (редакциямызға бұл дерек оғаш болып көрінеді, бірақ ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы осындай статистика ұсынып отыр).


Биыл тамыз айында мейрамхана және қонақүй қызметі былтырғы тамызбен салыстырғанда 13,1% қымбаттады. Оның ішінде қоғамдық тамақтану орындарының қызметі 13,1%, оның ішінде мейрамханадағы түскі ас — 15,2%, асханадағы түскі ас — 11,8%, фастфуд — 13,5% қымбаттады. Қонақ үй қызметі 11,6% қымбаттады.

Өңірлер бойынша мейрамхана және қонақүй қызметі Жетісу облысында ең қатты қымбаттады: 43,3%. Одан кейін Шымкент (бір жылда 25,5% қымбаттады) және Алматы облысы (19,4%).

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3046 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Китайские машины, утильсбор, льготные автокредиты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить