Нұрлан Байбазаров «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне басшы болды

ҚР премьер-иинистрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ұжымына жаңа басшы Нұрлан Байбазаровты таныстырды, деп хабарлайды Үкімет.

Әлихан Смайылов мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Бәйтерек» холдингінің қызметін трансформациялау және ауқымды цифрландыру бойынша міндет қойғанын еске салды.

«Нәтижесінде бюрократиялық кедергілер жойылып, өтінімдерді қарау мерзімі қысқарып, бизнес қауымдастығының қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейі артуы қажет. Жаңа басшы алдағы жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», — деді премьер-министр.          

Сонымен қатар ол «Бәйтерек» бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет деп атап өтті.

Қорытындылай келе, премьер-министр холдинг ұжымына жүктелген барлық міндеттерді шешуде табысты жұмыс тіледі. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2066 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить