Қарағанды облысында тозған жайылымдар қалпына келтірілуде

Қарағанды облысында пилоттық жоба бойынша елді мекендер маңындағы тозған жайылымдар қалпына келтірілуде. Көпжылдық шөптерді отырғызу мал жаюға арналған жер тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі және шөпті уақтылы жинауға септігін тигізеді.

Алдағы екі жылда оң нәтиже күтілуде. Шөптердің жерсініп, көтерілуі үшін уақыт қажет, содан кейін малды жаңартылған жайылымдарға жіберуге болады.

Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады.

– Бүкіл Қазақстан бойынша мал жаюға арналған жайылымдардың тапшылығы проблемасы бар. Оны шешу үшін тозған жерлерді қалпына келтіру жобасы іске қосылды, – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Бошпанов. – Қарағанды облысында алғаш рет жоба Бұқар жырау ауданында 2020 жылы іске асырылды. Онда 800 гектарға жуық жер қалпына келтірілді. Қарқаралы ауданында 1000 гектарға жуық жайылымдық жерлерді қалпына келтіретін жеткізушілер анықталды.

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданында, Ынтымақ, Абай және Нұрмақова ауылдарының маңында жұмыс жүргізілуде. "Медет Агро" өндірістік кооперативінің қызметкерлері Ынталы ауылының маңындағы 500 гектар жерді қалпына келтірумен айналысады. Мамандар қазірдің өзінде қалпына келтіруге кірісті.

– Бүгінгі таңда жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін агрономдар ылғалдылық пен басқа параметрлерді анықтау үшін жер сынамаларын алады. Біз бұл алқаптарға еркекшөп себуді жоспарлап отырмыз. Ол біздің климаттық жағдайымызға жақсы бейімделеді, ерекше күтімді қажет етпейді, – деді "Медет Агро" ӨК өкілі Жарас Ақтаулов.

Жергілікті тұрғындар да жайылымдық жерлерді қалпына келтіруге қуанышты. Осы жазда құрғақ ауа-райына байланысты олар шөп дайындауда қиындықтарға тап болды. Шөпті қалпына келтіру мәселені ішінара шешуге көмектеседі, дейді олар.

– Жайылымдарды қалпына келтіру екі есе тиімді. Бір жағынан жайылымға орын болады, екінші жағынан шөп дайындаумен айналысуға болады, – деп атап өтті Ынталы ауылының тұрғыны Құрманғазы Бейсембеков.

Жайылымдық жерлерді жақсарту жұмыстары басқа аудандарда да жалғасатын болады.

Қарағанды облысы бойынша жайылымдық жер көлемі 18,5 млн гектарды құрайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4195 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3817
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2475
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3226
Forbes Video

Олжас Сатиев: как воюют украинские и российские хакеры и как от санкций пострадает Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить