Әлемдік контрафактілік нарықтың көлемі дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің 5% құрайды

Бұл туралы «Контрафактімен күрес – 2023» халықаралық форумында ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры Шолпан Әбдіреева мәлімдеді.

Форум Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өтуде. Шолпан Әбдіреева "Контрафактілік өнім айналымына қарсы іс-қимылдағы құқықты қолдану тәжірибесінің жаңа тенденциялары» атты талқылау сессиясында ҚР зияткерлік меншік саласындағы құқықты қолдану тәжірибесі туралы баяндама жасады.

Шолпан Әбдіреева өз баяндамасында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының деректері бойынша әлемдік контрафактілік нарықтың көлемі дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің шамамен 5% құрайтынын атап өтті.

Авторлар мен сабақтас құқық иелерінің құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыру үшін қазіргі уақытта авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

Одан бөлек ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралып жатқанын атап өтті. Сондай ақ Қазақстанда штрих-кодтау, таңбалау және бақылау сияқты озық технологиялар белсенді түрде енгізіліп жатқанын айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 5 және 6 қазанда Санкт-Петербург қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын «Контрафактімен күрес-2023» халықаралық форумы өтуде. Форум Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өтіп отырады.

Форумға Еуразиялық экономикалық комиссияның және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау және кеден органдарының қызметкерлері, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің заңгерлері қатысуда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2687 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3817
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2475
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3226
24 декабря родились
начальник канцелярии президента РК
Forbes Video

Forbes Kazakhstan продолжает серию интервью в рамках рубрики Q&A. На этот раз бизнес-аналитик Батырхан Тогайбаев поговорил с известным отечественным бизнесменом Кайратом Мажибаевым

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить