Әлихан Смайылов ШҚО-ны дамыту бойынша кеңес өткізді

Жұма, 6 қазанда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Премьер-министр ШҚО экономикасы бірінші кезекте, тау-кен металлургия өнеркәсібінің дамуымен байланысты екенін, сонымен қатар энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларының да даму әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті.

Мәселен, өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің 70%-ке жуығын тау-кен металлургия саласы құрайды.

«Электромобиль өндірісінің қарқынды өсуіне байланысты литий металын өндіру өзекті болып табылады. Облыстың Ұлан, Шемонаиха аудандарында және Өскемен қаласының шетінде мемлекеттің балансында тұрған литийдің 6 кен орны бар. Барланбаған кен орындары бұдан да көп. Литийдің негізгі тұтынушыларының бірі Қытай және басқа да Азия нарықтары өңірге жақын орналасқан. Әкімдік осы мүмкіндіктерді пайдалану үшін кен орындарын барлау және өндіру жобаларына инвесторларды тартуы керек», - деді Әлихан Смайылов.

Ол өңірде жаңартылатын энергия көздерінің бірі болып табылатын гидроэнергетика саласының жақсы дамығанын атап өтті.

«Жергілікті жерлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету және электр желілеріндегі шығынды азайту үшін Алтай ауданындағы «Тұрғысын-1» сияқты шағын гидроэлектростанцияларды салу жобаларын белсенді іске асыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр атап өткендей, Үкімет жыл сайын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін қомақты қаржы бөледі.

«АӨК жобаларын іске асыруға қолдау көрсету шараларын әрі қарай да жалғастырамыз. Десе де бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану керектігін атап өткім келеді. Ең бастысы, өнімділігі жоғары, қайтарымы мол жобаларға басымдық берілуі тиіс», — деді ол.

Атап айтқанда, кәсіпкерлермен бірге Көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жұмыстарын күшейту қажет.

«Қазір бізде осындай қоймаларды салу үшін 50%-ке дейін инвестициялық субсидия беру көзделген. Яғни, бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен қолдау шаралары көрсетіледі. Осыған мән беріп, үйлестіру жұмыстарын күшейту керек», — деді Премьер-Министр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2927 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3817
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2475
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3226
24 декабря родились
начальник канцелярии президента РК
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить