Шахматтан еліміздің әйелдер құрамасы Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.
Шешуші 9-турда қазақ шахматшылары Өзбекстан құрамасын 3-1 есебімен жеңді. Осылайша, ұпай санын 13-ке жеткізді. Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса (17 ұпай), күміс медаль Үндістанға (15 ұпай) бұйырды.
ХІХ ойындарда ел намысын Динара Садуақасова, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова, Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғады.
Шахматшы қыздарымыздың статистикасы:
Динара Садуақасова – 5 жеңіс, 3 тең ойын.
Жансая Әбдімәлік – 3 жеңіс, 5 тең ойын.
Бибісара Асаубаева – 4 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс.
Меруерт Камалиденова – 6 жеңіс, 3 жеңіліс.
Алуа Нұрманова – 3 жеңіс, 1 жеңіліс.
Вам может быть интересно: «Нападение на Израиль: международная реакция»
