Қазақстандықтар 110 млрд теңге қарызын кешіруді сұраған - Қаржы министрлігі

Қазақстандықтар соттан тыс банкроттық туралы 67 мыңнан астам арыз, сотқа банкроттық туралы 1 мыңнан астам талап арыз берді. Банкроттық туралы өтініштердің басым бөлігін Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары берген. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың наурыз айында президент тапсырмасы бойынша жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы өтініштерді қабылдау басталды. Бұл ретте, қыркүйек айының соңында, яғни механизм жұмыс істеген 7 ай ішінде 3 768 өтініш беруші банкрот деп танылды.

“Соттан тыс банкроттық рәсімі де, соттағы банкроттық та - өте ұзақ рәсімдер. Арыз беруден мемлекеттік органдардың немесе соттардың шешіміне дейін банкроттықты тану процесі 6 ай немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Бірінші жағдайда, рәсім банктерге, микроқаржы ұйымдарына және инкассаторларға 1600 АЕК-тен аспайтын берешегі бар, яғни 5,5 млн теңгені құрайтын, берешегін бір жылдан астам уақыт өтемеген және мүлкі жоқ борышкерлерге арналған. Бір жылдан астам төлем жасалмаған, қарыз сомасы 5,5 млн теңгеден асатын қарыздың барлық түрлері бойынша борышкер сотта банкрот деп танылуы мүмкін. Екі механизм үшін де қарыз алушы мен несие берушінің бұрын келісімге келуге тырысуы маңызды, мысалы, егер борышкер өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру туралы өтініш берсе”,- делінген хабарламада.

Егер қарыз алушының жалғыз баспанасы кепілге қойылса, несие беруші оны алып қоюға және оның алдындағы қарыздарын жабу үшін сатуға құқылы екені атап өтілген. Жалғыз баспана кепілге қойылмаса, несие беруші оны талап ете алмайды.

Өтінім «E-Gov.kz» электронды үкімет порталы немесе «E-SALYQ AZAMAT» мобильді қосымшасы арқылы қабылданады. Өтінімдерді өңдеу, өтініш берушілерге балл қою (тексеру) мемлекеттік деректер базасы арқылы тікелей жұмысты Qoldau.kz мемлекеттік цифрлық платформасында орналасқан «Таzalau» электронды сервисі жүзеге асырады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3451 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить