ЕАЭО елдерінің аграрилері ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктерін өзара танитын болады

 

ЕАЭО елдері ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктері туралы Келісімге қол қойды. Бұл Келісім құжатсыз қойма куәліктерін өзара тану негізінде ЕАЭО елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің онлайн саудасын дамытуға мүмкіндік береді.

Келісім қойма куәліктеріне қойылатын талаптарды айқындайды, қойма куәліктерін ұстаушылар мен ауыл шаруашылығы өнімін сақтауды жүзеге асыратын қоймалардың өзара қарым-қатынасын реттейді, қойма куәліктерінің тізілімінде және қоймалар тізілімінде қамтылуға тиіс мәліметтер тізбесін белгілейді.

Осы Келісім Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірушілеріне Еуразиялық «бес» елдерінде қойма куәлігінің кепілімен несие алуға, сондай-ақ қойма куәліктерін сату арқылы өз өнімдерін қашықтан сатуға жағдай жасайды.

Бұдан басқа, нарық субъектілері ЕАЭО елдерінде бар қойма инфрақұрылымы туралы мәліметтерге, оның ішінде қойманың атауы, түрі, сыйымдылығы, сақтау көлемі және орналасқан жері туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Әріптес елдер өз аумағында қоймалардың қойма куәліктерін шығару (беру) және өтеу ережелерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау ережелерін, қауіпсіздік талаптарын және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сандық-сапалық есебін жүргізуге сақтауын бақылауды қамтамасыз ететінін атап өту маңызды.

Жалпы, Келісімді іске асыру Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарына ілгерілетуге жәрдемдесетін болады, бұл өз кезегінде Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға оң әсерін тигізеді.

Келісімнің ережелері 2026 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қажетті ұлттық құқықтық актілерді қабылдап, қойма куәліктерін айналысқа шығару тәжірибесін жинақтауы қажет.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3580 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Профессор Алмаз Шарман - об антиваксерах, БАДах, коллапсе медицины и замены врачей на роботов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить