Eren Holding Қазақстанға инвестиция салу үшін әлеуетті жобаларды қарастырады

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Eren Holding басшысы Ахмет Ерен Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады.

Әлихан Смайылов Үкімет аталған холдингтің республика аумағындағы жобаларға инвестиция салу ниетін жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде елімізде түрік капиталының қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Атап айтқанда, тау-кен металлургия кешені, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика сияқты салаларда жобалар іске қосылды.

«Екі ел арасындағы қалыптасқан орнықты сенім деңгейі мен ынтымақтастыққа деген ортақ ұмтылыс бізге жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік береді», — деді премьер-министр.

Үкімет басшысы атап өткендей, бүгінде елімізде инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және заманауи институционалдық орта қалыптасқан. Атап айтқанда, басым салалардағы жобаларды жүзеге асыру аясында кедендік төлемдерден босату, түрлі салық жеңілдіктері, салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктер және т.б. қарастырылған.

Өз кезегінде Ахмет Ерен тиісті инвестициялық шешімдер қабылдау үшін холдингтің Қазақстанда әлеуетті жобаларды зерделеуге дайын екенін айтты.

«Біз өндірісті кеңейтеміз және инвестициялық жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Бұл қағаз өндірісі, энергетика және тоқыма өнеркәсібі сияқты салалар болуы мүмкін. Біз тау-кен металлургия кешеніне де инвестиция салуға дайынбыз. Бұл ретте, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялар бар. Сондықтан инвестиция мәселелерін бірлесіп қарастырғымыз келеді», — деді Eren Holding басшысы.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан аумағында әлеуетті инвестициялық жобалар пулын пысықтау және барлық өзекті мәселелер бойынша белсенді диалогты қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1817 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4276
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2972
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3735
7 сентября родились
Ербол Умралиев
судья Верховного суда Республики Казахстан
Forbes Video

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить