217 млрд теңгенің активтері қайтарылды: Жанат Элиманов президентке есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Мемлекет басшысына Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі және алдағы уақытқа арналған жоспары туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылғаны, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендегені жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Жанат Элиманов құқық қорғау органдарына 229 талдау материалы жолданғанын, есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылғанын айтты. Бұл жұмыс азаматтарды, әсіресе жастарды, есірткіні онлайн сатып алудан сақтайды.

Оның айтуынша, есірткінің заңсыз айналымынан түсетін кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 924 банктік шот бұғатталған. Криптоактивтерді пайдалана отырып жасалатын экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімше құрылған. Крипто-әмияндарға тыйым салу және цифрлық валютаны алып қою тетігі әзірленген. Заңсыз 9 крипто алмастырғыштың қызметі жойылған. Ондағы қаржы айналымы 17 миллиард теңгеден асқан.

Президентке Қазақстанда алғаш рет криптовалюта арқылы қылмыстық жолмен тапқан 47 миллион теңге табыс тәркіленіп, Агенттіктің Binance криптобиржасындағы арнайы шотына салынғаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуды көздеген 976 әрекет анықталып, бұғатталған. Экономикалық құқық бұзушылықтардың кейбір белгілері бойынша қылмыстық қудалауды жеңілдету (декриминализация) туралы ұсыныстар енгізілген. Бұл кәсіпкерлерді қорғау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8388 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить