Қарағанды хайуанаттар бағы қоныс тойын атап өтті

Қарағанды хайуанаттар бағында қуанышты оқиға - келушілер үшін жаңа ғимарат ашылды. Қоныс тойы Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орайластырылды.

Жаңа үш қабатты ғимарат Қарағанды хайуанаттар бағының мерейтойына тамаша сыйлық болды. Ол 85 жыл бұрын, 1938 жылы жылжымалы зоологиялық көрме негізінде құрылған болатын.

- Ұзақ өзгерістер мен жөндеу жұмыстарынан кейін біз 3 мың шаршы метрге арналған тамаша әкімшілік-тұрмыстық кешенді көріп отырмыз, - дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова. - Бірінші қабатта жануарлардың төрт түрі орналасады: приматтар, ірі және ұсақ жыртқыштар, құстар. Екінші қабат аквариум залы мен қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар бөліміне арналған.

Жануарлар біртіндеп жаңа ғимаратқа көшіріледі. Алғашқылардың бірі болып кең “пәтерлеріне” приматтар мен құстар кірді. Бүгінгі таңда көптеген вольерлер жылы едендермен жабдықталған және әрқайсысына су жеткізіледі.

Лифт, таза және жарық санитарлық-гигиеналық бөлмелер, дивандар мен кітап сөрелері бар демалыс аралдары да қарастырылған. Жақын арада келушілер үшін тегін интернет пайда болады.

 

Балалар мен ересектердің назарын бірден аударатын нысан - көлемді атриумдар, олардың ішінде теңіз тұрғындары жүзеді. Қабырғалар жануарлар бейнеленген рельефтермен безендірілген.

- Соңғы уақытта бізде үлкен өзгерістер болған жоқ. Бірақ соған қарамастан, жол картасы бойынша қоршауларды, қысқы үйді жақсартуға, құстар үйін салуға қаражат бөлінді. Енді бізде орын жеткілікті. Біз Новосибирск, Беларусь және Алматы хайуанаттар бағымен, жеке менеджерлермен жаңа жануарлар алу туралы келіссөздер жүргіземіз. Бұл бизон, Пржевальский жылқысы, зебра, альпака, тайра, - дейді Гүлнар Адамбекова.

Ғимараттың ашылуына орай үлкен мерекелік бағдарлама дайындалды. Балалар мен ересектер бірден екі сахнада көңіл көтерді. Астанадан Du Salem цирк шоуы арнайы шақырылған қонақ болды.

Аңдарға арналған жаңа үйді тамашалауға жүздеген қарағандылықтар келді. Олардың көпшілігі хайуанаттар бағының тұрақты келушілері.

- Ұлым екеуміз хайуанаттар бағына айына бір рет келеміз. Жаңа ғимарат керемет, әдемі безендірілген, - дейді Ғабит Дүрмағамбетов.

Гүлбаршын Мейірманова да хайуанаттар бағына немерелерімен жиі келеді. Ол кісінің жеті немересі бар екен.

- Бүгін ашылуға жалғыз өзім келдім, барлық немерелерім жан-жаққа кетіп қалған еді. Мұндай жақсы оқиғаны жіберіп алғым келмеді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері үшін, жануарлар үшін өте қуаныштымын. Барлығы әдемі жасалған. Хайуанаттар бағының дамып, қазіргі заманға сай түрленіп жатқаны қуантады, - деп бөлісті зейнеткер.

Жаңашылдықтар қатарында жануарларға арналған көкөністер өсірілетін бақшаның құрылғанын айтуға болады. Тек осы жылы 200-ден астам алма ағаштары отырғызылды. Жаңа ойын аймақтары пайда болды. Саябақтың периметрі бойынша қоршау орнатыла бастады.

2022 жылы Қарағанды хайуанаттар бағы Еуразиялық аймақтық хайуанаттар мен аквариумдар қауымдастығының (ЕАРАЗА) толық мүшесі болды. Сонымен, басқа елдердің әріптестерімен жануарлар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.

Қазір Қарағанды хайуанаттар бағының коллекциясында мыңнан астам жануардың 180-нен астам түрі бар. Оның 70%-ы Қызыл кітапқа енгізілген.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8337 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить