Астанада халықаралық адвокаттар форумы өтті

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Ғ. Тәшімбаев "Мықты адвокатура - құқықтық мемлекеттің тірегі" тақырыбындағы VII Қазақстандық халықаралық адвокаттар форумына қатысты.

Іс-шараға Қазақстанның орталық мемлекеттік органдарының, Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың басшылары, Парламент депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ халықаралық адвокаттар мен сарапшылар шақырылды.

Тимур Тәшімбаев өзінің сөз сөйлеуінде Қазақстан адвокатурасының жетістіктерін, сондай-ақ, соңғы жылдары олардың қылмыстық процестегі өкілеттіктері едәуір кеңейтілгенін атап өтті.

Бүгінгі күні адвокаттардың өз жұмысында "Е-қылмыстық іс" жобасы аясында Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті әзірлейтін цифрлық құралдарды белсенді пайдалануда.

Тергеудің электрондық форматының арқасында олар істердің электрондық материалдарына онлайн қол жеткізуде. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша кепілі болып табылады.

Бұдан басқа форумға қатысушылардың назары қала, ауылдарда тегін құқықтық көмек алу үшін тең мүмкіндік жасау қажеттілігіне аударылды.

Сонымен қатар, халықаралық сарапшылар мен адвокаттар қауымдастығы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына бәсекелестік қағидаты негізінде қылмыстық процесті жүргізу дағдыларын игеру бойынша арнайы курстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша, оның ішінде соттардың, прокурорлардың және адвокаттардың қатысуымен сот ісін жүргізуді имитациялаумен тығыз ынтымақтастық үшін шақырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8117 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить