Ағымдағы жылдың 3-7 қазан аралығында Қостанай облысында Пржевальский жылқысын Қазақстанға реинтродукциялау бойынша бірқатар кеңес өтті. Оған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті, кедендік ресімдеу орталығы, Прага хайуанаттар бағының басшылықтарымен қатар, Зоология институты, Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы және «Казавиаорманқорғау» РМКҚ қызметкерлері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 24 сәуірінде өткен Чех-Қазақстан бизнес-форумы аясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Прага зообағы арасында Пржевальский жылқыларын жерсіндіру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бірқатар ұйымдардың мамандарымен кеңес қорытындысы бойынша реинтродукция үшін "Алтын дала" резерватының аумағы таңдалды.
Жануарлардың бірінші партиясын 2024 жылы әкелу жоспарлануда.
Айта кетейік, жылқыларды тасымалдауды Чехия Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Прага хайуанаттар бағы қамтамасыз етеді.
Әлем бойынша табиғатта 2000-нан астам таза қанды Пржевальский жылқылары бар.
Вам может быть интересно: «США подтвердили гибель девяти американцев в Израиле»
