Ақтөбеде салынатын логистикалық хабтың жер көлемі анықталды

Заманауи талаптарға сай логистикалық хаб Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай аумағында 3,2 гектар жерге салынады. «Қазпоштаға» қарасты нысанның құрылысы жыл соңына қарай басталмақ. Бұл туралы Дүниежүзілік пошта күні мен «Қазпошта» АҚ-ның 30 жылдығына орай өткен шарада мәлім болды.

Шара мекеменің облыстық филиалында өтті. Өңір басшысы Асхат Шахаров пошта қызметкерлерін айтулы мерекелерімен құттықтады. Ол 30 жылда «Қазпоштаның» жеткен жетістіктерін айтып, алдағы уақытта компанияның Ақтөбе облыстық әкімдігімен бірге жүзеге асыратын жобаларымен бөлісті.

«30 жыл бұрын «Қазпошта» қызметі өз жұмысын бастады. Ақтөбе облысында пошта қызметі жақсы дамыған. Өңірде поштаны тасымалдаудың 199 бағыты жұмыс істейді. Биыл «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облысының әкімдігімен инновациялық пошта терминалының құрылысын іске асыру туралы меморандум жасасты. Ақтөбе қаласы Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы аумағында 3.2 гектар жерге, заманауи талаптарға сай пошта логистикалық орталығының құрылысын басталғалы отыр. Бұл жоба – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан қолдау тапқан үлкен жобалардың бірі», - деді Асхат Шахаров.

Сондай-ақ, облыс әкімі поштаның 4 қызметкерін алғыс хаттармен марапаттады.

Бүгінде «Қазпошта» АҚ пошта, қаржы, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең спектрін ұсынып келеді. Қазақстанның барлық аумағында, әсіресе аудандық және ауылдық жерлерді қамтитын елдегі ең ірі ауқымды филиалдық желіге ие. 8 айдағы кірісі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға немесе 16,7 миллиард теңгеге артқан.

Айтып өту керек, ұлттық оператор мен Қ.Жұбанов атындағы университеті, сондай-ақ, Ақтөбе политехникалық колледжі арасында дуальды білім беру жүйесін дамытуға қатысты келісімшартқа қол қойылған. Құжат жас мамандардың жұмысқа орналасуына септігін тигізуде.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7317 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить