Берік Әбдіғалиұлы білім басқармасының басшысына сөгіс жариялады

«Өңірдегі колледждердің материалдық жағдайы өте төмен, білім сапасын тексеру керек»-осылай деп бүгін аппараттық жиында Ұлытау облысының әкімі өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға қатысты жұмыстардың сапасына сын тақты. Белгілі болғандай, колледждердің биыл жалпы бюджеті 4.2 млрд. теңгені құраған. Өңір басшысының айтуынша, қаражат жұмсалғаннан кейін, түлектердің сапалы маман болып шығуы маңызды, алайда ол білім ошақтарын бітірген азаматтардың басым көпшілігі мамандық бойынша жұмыс істемейді. Бұл ретте Берік Әбдіғалиұлы түлектердің өз саласы бойынша жұмыспен қамтылуын қадағалау үшін тәуелсіз сараптама қажет екенін айтты.

«Колледждердегі білім беру ісі – біздің өңірде маңызды әрі проблемасы көп сала. Статистика бойынша түлектердің 70%-ы жұмыспен қамтылды делінгенімен, нақты жүргізілген зерттеу жоқ. «Атамекен» ҰКП Республика көлемінде сараптама жасайды, ол біздің облыста да жүргізілуі қажет. Аз мерзім ішінде түрлі курстардың арқасында меңгеруге болатын салаға студенттің 2 жыл 10 ай уақытын жұмсамай, облысқа нақты қажетті мамандықтардың оқу бағдарламаларын іске қосу керек»-деді өңір басшысы өз сөзінде.

Баяндама жасаған білім басқармасының басшысы Сапура Төлекованың айтуынша, облыста жаңадан ашылатын кәсіпорындарға қажетті мамандар даярлау үшін Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінде «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Сүт және сүт өнімдерін өндіру» мамандықтарын ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар облыс әкімі Жезқазған Тау-кен металлургиялық колледжі жатақханасының құрылыс жұмыстары 1.5 жыл бойы созылғанымен әлі де аяқталмауына және табиғи апат салдарынан шатыры ұшып кеткен музыкалық колледждің төбесіне жасалатын жөндеу жұмыстары конкурсының дұрыс жүргізілмеуіне байланысты Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы Сапура Төлековаға сөгіс жариялады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2683 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

8 глупых вопросов экономисту о Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить