Жеке мектептің лицензиясы болмағаны үшін қызметі тоқтатылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің хабарлауынша, Атырау облысындағы жекеменшік мектептің лицензиясы болмауына байланысты қызметі тоқтатылды. 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мектепке бұған дейін де айыппұл салынған болатын. Алайда, білім беру ұйымының басшылығы лицензия алу бойынша әрекеттенбеген.

«Мектептер өз жұмысын бастамас бұрын білім беру қызметін атқаруға рұқсат алуы керек. Лицензия алу үшін мектеп рұқсат беру бақылауынан өтуі тиіс, яғни оның біліктілік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық демартаменттері мектептердің өз қызметін заңдастыруы және олардың рұқсатсыз жұмыс жасауын болдырмау мақсатында барлық шараларды қабылдауда. Өткен оқу жылында лицензиясыз қызметі үшін 30 мектепке айыппұл салынды», - деп атап өтті комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Білім беру ұйымын лицензиялау барысында қойылатын негізгі талаптар: мектептің тиісті материалдық-техникалық базасының, педагогикалық құрамының, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қорытындысының, білім алушыларға медициналық көмек көрсету қызметінің болуы. Бұл талаптарды орындамау заңнаманы бұзу болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке тартуға, тіптен білім беру қызметін іске асыруға тыйым салуға негіз бола алады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта комитеттің аумақтық департаменттері лицензиясыз жұмыс жасап отырған мектептерді анықтау және бұл бойынша сотқа жүгіну шараларын жүргізуде.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6051 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Смертность от инсульта снижает казахстанский стартап

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить