Құтқарушылар алғашқы тәулік ішінде Ауғанстанда 76 учаскедегі үйіндіні бөлшектеді

Қазақстанның құтқарушылары Герат провинциясындағы қиратушы жер сілкінісінен кейін үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жалғастыруда. Іздестіру-құтқару жұмыстары Наиброфи елді мекенінде жүргізілуде.

Алғашқы тәулік ішінде 76 учаскедегі үйіндіні бөлшектеді. Бұл қираған үйлердің фрагменттері.

Сонымен қатар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері 39 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 5 балаға медициналық көмек көрсетті. Тұрғындар негізінен жарақаттармен, күрделі стресс реакциясымен жүгінді, тіпті суық тиіп сырқаттанған адамдарға да көмек көрсетілді.

Бүгін таңғы сағат 06.32-де Герат қаласының маңында күшті афтершок тіркелді. Чолктула елді мекенінде зардап шеккендердің болуы мүмкін екені туралы ақпарат түсті, сол жерге 29 қазақстандық құтқарушы жіберілді. Олар өздеріне бөлінген учаскедегі үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жүргізді, зардап шеккендер табылған жоқ. 10 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс аяқталғаннан кейін күштер мен құралдар зардап шеккен адамдарды іздеуді жалғастыру үшін Наиброфи елді мекеніне оралды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4200 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4044
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

КОСНЁТСЯ ВСЕХ! КАК СДАТЬ ДЕКЛАРАЦИЮ В КАЗАХСТАНЕ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить