Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылды

Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы 5 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаңа ведомство «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Комитеттің міндеттері активтерді іздеу және қайтару, осы саладағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау және жою болып айқындалды.

Сонымен бірге Комитет елдің Премьер-Министрі басқаратын Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Қойылған міндеттерді орындау үшін, оның ішінде мүліктің шығу көздерінің заңдылығын анықтау үшін Комитет активтер мен олардың иелері туралы барлық қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ ғалымдарды, сарапшыларды, мамандарды тартуға құқылы.

Комитеттің функцияларына активтер туралы ақпаратты мониторингілеу және талдау, активтердің шығу көздерінің заңдылығын тексеру, комиссияның шешімі бойынша арнайы тізілімге енгізілген адамдардан активтерді ашып көрсету туралы декларацияларды қабылдау және қарау кіреді.

Ведомство, сондай-ақ шет мемлекеттерге заңсыз шығарылған активтерді тыйым салу, қамтамасыз ету шараларын қабылдау және тәркілеу туралы сұрау салулар жіберуге; заңсыз иемденілген активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы қазақстандық және шетелдік соттарға талап қоюлар беруге; сотқа дейінгі тергеп-тексерулерге бастамашылық жасауға және дербес жүргізуге; активтерді ерікті түрде қайтару туралы келісімдер (бітімгершілік, процестік және өзге де келісімдер) жасасуға уәкілетті.

Комитет активтерді қайтару мәселелері бойынша Қазақстанның шетелдегі мүдделерін білдіретін, халықаралық тәжірибені зерделейтін, атқарылған жұмыс туралы ақпаратты жыл сайын жариялайтын, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару мақсатында өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын болады.

Ұйымдастыру мәселелерін шешумен бірге ведомство негізгі қызметтік міндеттерді орындауға кірісті. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3401 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Кто зарабатывает на инфлюенсерах в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить