Тоқаев Досаевты қабылдады

Президентке қала экономикасының қарқынды өсіп келе жатқаны, қысқа мерзімді экономикалық индикатор жыл басынан бері 13,5 пайызға көтерілгені жөнінде мәлімет берілді. Өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны (+21%) бойынша Алматы елімізде тұрақты түрде бірінші орында келеді. Мегаполис экономикасына 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялардың өсімі 7,3 пайызды құрады. Белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 341 мыңға дейін жетіп, 25,8 пайызға артты. Республикалық бюджеттің түсімі 38,4 пайызға өсіп, 3,91 триллион теңгеге дейін жетті. Жергілікті бюджеттің түсіміне қатысты жоспар 28,7 пайызға (243 млрд теңге) асыра орындалды. Жыл басынан бері 58,7 мың жұмыс орны ашылды, оның 77 пайызы тұрақты жұмыс орны. 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімінің қарқыны 6,5 пайызға дейін жетеді деген болжам бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 18 тамызда Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанция орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Төтенше жағдай кезінде адамдар жиналатын 545 қауіпсіз орын анықталды. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандарты әзірленді. Жыл басынан бері өлім-жітім көрсеткіші 11 пайызға, ана өлімі 32,4 пайызға, бала өлімі 35,5 пайызға төмендеді. Білім беру саласында 4,9 мың оқушыға арналған 10 мектеп және 4 қосымша оқу корпусы салынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаланы көгалдандыруға және қоғамдық кеңістікті дамытуға ерекше назар аударылады. Жыл соңына дейін қаладағы жасыл-желек көлемі жан басына шаққанда 12,3 шаршы метрге дейін ұлғаяды. Алматы қаласының әкімі жыл басынан бері жасыл-желекті автоматтандырылған суару жүйесімен қамту көрсеткіші 3,4 есе өскенін мәлімдеді. Биылғы 9 айда 405 гектар аумақта жұмыс жүргізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 587 гектарға дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар Президентке Алматыдағы орталықсыздандыру ісінің аралық нәтижелері таныстырылды. Мемлекет басшысы қолдаған бастама аясында аудан әкімдіктеріне олардың бюджеттерін 3,1 есеге, яғни 184,3 миллиард теңгеге дейін ұлғайта отырып, 15 функция берілді. Бүгінде 196 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 100 шақырымнан астам сумен жабдықтау және су тарту желілері және т.б. салынды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды сапалы сумен, су бұру желілерімен қамтамасыз ету, инвестиция тарту жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ Алматы агломерациясымен көлік байланысын жақсарту жөніндегі жобаларды одан әрі іске асыруға ерекше назар аударуды тапсырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4217 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3566
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2150
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3008
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить