Қазақстанда онкопатологияларды ерте анықтау 30% дейін өсті

Қазақстанда ересек тұрғындарға онкологиялық көмек кезең-кезеңімен үш деңгейде жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлім етті.

Алғашқы көмек тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымдарында көрсетіледі. 2 мыңнан астам тексеру кабинеті және 500-ден астам дәрігер-онколог кабинеті жұмыс істейді.

Онкопатологияның ерте диагностикасы онкологиялық қызметтің тиімді жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.

«Соңғы жылдары бұл көрсеткіштің өсуі байқалады және бүгінде ол шамамен 30%-ті құрайды. Бірқатар өңірлерде (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облысы, Жетісу облысы және Алматы, Астана қалаларында) бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен жоғары және 33% деңгейінде. Диагнозды ерте анықтау 5 жылдық өмір сүру ұзақтығын 90%-ке дейін арттырады. Асқынған жағдайларда 5 жылдық өмір сүру деңгейі 20%-тен аспайды. Өршіген диагностика – бұл визуалды түрде байқалатын 3-4 кезеңдер – ел бойынша 12%. Елімізде онконауқастардың 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы - 55%», – деп мәлім етті ведомство өкілі.

Қатерлі ісік пен қатерлі ісікке дейінгі жағдайларды уақтылы анықтау үшін скринингтік бағдарламаларды жүргізу қажет. Бүгінгі таңда елімізде скринингтің 3 түрі (жатыр мойны обыры, сүт безі обыры және ішек обыры) жүргізіледі. Олардың емханада уақтылы өтуі өте маңызды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4396 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить