Атырау облысында Ресеймен шекараға дейінгі жол аралығы пайдалануға беріледі

Атырау облысында Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жолға күрделі жөндеу жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық жолдың 235 шақырымына жаңа асфальт төселген, деп хабарлайды Kazinform.

Құрманғазы ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол аралығын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

– Жол құрылысын жүргізіп жатқан мамандар аталған учаскені дайындап жатыр. Қазіргі уақытта Атырау қаласынан Нарын ауылына дейін, Исатай ауылынан Құрманғазы ауылына дейінгі жол учаскесі көлік қатынасы үшін жол бойында 13 көпір салу жоспарланған. Он көпірдің құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Қалған 42 шақырым жолда тәулік бойы құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан Ресеймен шекараға дейінгі жолды жөндеуге 18 млрд теңге бөлінгенін хабарлаған едік.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау филиалының директоры Болатбек Айтбаевтың мәліметінше, өңірде республикалық автожол желісі – 1126 шақырым.

– Бұл өңір аумағымен Ресейдің Астрахань облысынан Атырау, Маңғыстау облыстары арқылы Түрікменстан Республикасымен шекараға дейінгі, Орал-Атырау және Ақтөбе-Атырау бағытындағы жол өтеді. Биыл республикалық жолдарды дамытуға 36 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 18 млрд теңге Атыраудан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жолды реконструкциялауға жұмсалады. Қандығаш – Мақат бағытындағы трассаға 7,9 млрд, Орал-Атырау жолын реконструкциялау үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 300 млн теңге қаралып отыр, -деген еді Болатбек Айтбаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2202 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить