Заңнама талаптарын орындамаған 7 туроператордың лицензиясы тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жетекшілік ететін салаларда қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияларды тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпараты негізінде Комитетпен Астана және Алматы қалаларының басқармаларымен бірлесіп шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын тоқтата тұру жөнінде:

- ЖШС Hajar.travel, БСН 220440022505, 16.11.2022 ж. № 22021332 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;

- Tanym Group ЖШС, БСН 220840042356, 26.01.2023 ж. 23002555 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;

- B&K Travel KZ ЖШС, БСН 170340030664, 03.08.2017 ж. № 17013918 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен;

- «ТВВ тур» ЖШС, БСН 970840000415, 10.09.2019 ж. № 19018684 Алматы қаласының туризм басқармасы;

- LS tour kz ЖШС, БСН 180940004773, 18.09.2018 ж. № 18017327 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен;

- «Бархатный сезон» ЖШС, БСН 110640003256, 11.02.2022 ж. № 22002714 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен;

- Sultan Hajj Travel ЖШС, БСН 160340008324, 14.02.2023 ж. № 23004269 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен шаралар қабылданды.

Аталған туроператорлар қызметтің тиісті түрін/кіші түрін жүзеге асыру құқығынан уақытша айырылды, өйткені Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері ретінде «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе оларды тиісінше орындамай отыр.

«Қазіргі уақытта, «Е-лицензиялау»(e-licence.kz) мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесіне сәйкес лицензиялардың және, тиісінше, аталған туристік компаниялардың лицензияларына қосымшалардың қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл ретте, егер анықталған бұзушылықтар жойылмаса, көрсетілген тоқтата тұру мерзімі жаңа кезеңге ұзартылатын болады», - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2236 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2742
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3448
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

КОСНЁТСЯ ВСЕХ! КАК СДАТЬ ДЕКЛАРАЦИЮ В КАЗАХСТАНЕ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить