Жылтыр ауылында құмды тоқтату үшін 35 мың түпсексеуіл отырғызылады

Өңір басшысы Асхат Шахаров Шалқар ауданының Жылтыр ауылында үйлерін құм басу қаупі бар тұрғындармен жүздесті.

Аудан әкімі Жанболат Жидехановтың сөзінше, 2016 жылы құмның көшуін баяулату мақсатында Жылтыр ауылының шығыс бөлігінде ауданы 20 га жасыл аймақ құрылған. Биыл ауылға кіреберісте 1 шақырым қоршау қалпына келтіріліп, 550 жүзгін және қарағаш көшеттері отырғызылды, жасыл желектерді суару мәселесі шешілді. Екі құдық қазылды.

Облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов бірнеше жылдан бері келе жатқан құм көшу мәселесін тағы қоршаулар салып, жасыл желектерді көбейту арқылы тоқтатуға болады дейді. 2024 жылдың көктемінде 35 мың түп сексеуіл отырғызу жоспарланып отыр. Ағаштар аудандағы тәлімбақтан алынады.

Қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру және жүйелеу мақсатында құмның көшуін тоқтату жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу қажет.

Облыс әкімі жұмыстарды тиімді жүргізу, отырғызылатын ағаштардың толықтай өсуін қадағалау керектігін қадап айтты. Ауыл ақсақалдарын мәселені бірге шешуге шақырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5028 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Историк Радик Темиргалиев о том, когда казахи стали казахами

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить