Былғары өнеркәсібіне дем беретін жаңа орталық ашылды

«Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары және былғары бұйымдары бойынша ЖОО-ның әлеуетін арттыру» REILEAP жобасы аясында Дулати университетінде «Shoe Center» білім беру орталығы ашылды.

REILEAP жобасының мақсаты – былғарыдан жасалған бұйымдарды жобалаудың жаңа әдістерін үйрететін орталықтар құру арқылы Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары өнеркәсібін жаңарту.
Орталықтың ашылу салтанатына Грекия, Италия, Түркия, Румыния және Өзбекстаннан келген жобаның шетелдік серіктестері және ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы, былғары және аяқ киім өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Орталық Эразмус+ бағдарламасының толық қаржыландыруымен заманауи құрылғылармен жабдықталған. Орталық тренерлері, яғни кафедра оқытушылары мен студенттері Грекия, Италия, Түркия, Румыния елдерінің жоғары оқу орындарында 2 апталық курс негізінде біліктілігін арттырған.
Дулати университетінде «Shoe Center» білім беру орталығының ашылуына орай Халықаралық форум өтті.

Дөңгелек үстел басында жиналған шетелдік қонақтар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы жоба аясында атқарылатын жұмыстар жайлы сөз қозғады.

Жобаның үйлестірушісі - Крит техникалық университетінің өкілі (Грекия) Николаос Билалис REILEAP жобасы өнеркәсіпті дамытуда, бірлесіп жұмыс істеуде маңызды екенін айтты. «Былғарыдан жасалған бұйымдардың инновациялық технологиялары" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің серіктес жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар екенін жеткізді.
Дөңгелек үстелде Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова бірнеше елдің басын біріктіре отырып жұмыс істеуге бағытталған жобаның маңызы зор екенін айтты. Ғылым мен білімде шекара жоқ деген Шолпан Алтынбекқызы шетелдік қонақтарға Дулати университетінің тарихы мен даму жолы туралы айтып берді.

REILEAP жобасы аясында екі орталық Өзбекстанда, екі орталық Қазақстанда ашылып отыр. Оның бірі Дулати университетінде болса, екіншісі Әуезов университетінде. Орталықтар былғары және былғары бұйымдарын шығаратын компаниялар үшін жаңа қызметтер ұсынады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3293 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить