«Шалқар-Қандыағаш» автожолының 20 шақырымы аяқталды

Шалқар ауданына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысының әкімі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ АФ басшысы Айбол Данагұлдың республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автомобиль жолында атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады.

1960-1970 жылдары пайдалануға берілген және ешқашан жөнделмеген жолдың бүгінде 259-249 және 249-239 шақырымында орташа жөндеу аяқталды.

«АссанаДорСтрой» ЖШС салған жолдың қалыңдығы - 28 см. Қиыршық тас қоспасы мен цементтен 100% жаңа материал қосылып, ресайклинг әдісімен негіздеме салу және асфальт жабынының екі қабаты төселген.

Келер жылы тағы 75 шақырым автожолға орташа жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Ол Қотыртас ауылына дейін болмақ.

Облыс әкімі маңызы бар жобаны тоқтатпай, жалғастыру керектігін, сапасына мән беру қажеттігін алға тартты.

«2024 жылы жолды Мұғалжар ауданынан бастау туралы халық тарапынан ұсыныс бар. Өйткені, Қандыағаш-Жұрын жолына шағым көп. Шалқар мен Ырғыз арасындағы жолды да жөндеу керек», - деп облыс әкімі жол құрылысына қатысты жоспарларымен бөлісті.

Өңір басшысы жаңа жолмен жүріп өтті. Сондай-ақ, ол биыл салынған Қауылжыр, Мөңке би ауылдарының кіреберіс жолдарын қарап, осы 2 елдімекенде бой көтеріп жатқан ауыл клубының құрылысын бағамдады. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4114 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2742
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3448
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

MMA в Казахстане: как заработать на боях?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить