Орман шаруашылығы мекемелерін жарақтандыруға биыл 13,4 млрд теңге бөлінді - Экология министрлігі

Табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін техникамен қамтамасыз ету мақсатына үстіміздегі жылы 13,4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
«Биылғы жазда Семей орманында алапат өрт орын алғанын баршаңыз білесіздер. Орман саласының 15 қызметкері тілсіз жаудың құрбаны болды. Үлкен алқапта болған өрттің бірден бір себебі табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін техникамен қамтамасыз етудің төмен деңгейі, атап айтқанда 70% деңгейінде ғана қамтамасыз етілген. Ал қолданыстағы техниканың 60%-дан астамы есептен шығаруға жатады», – деп хабарлады сала басшысы.

Оның ақпаратына сәйкес, жыл соңына дейін табиғат қорғау мекемелеріне 29 өрт сөндіру автомашинасы, 59 орман өртін сөндірудің шағын кешені, 151 трактор, 58 патрульдік көлік жеткізілетін болады. Соның ішінде, Семей орманына 10 өрт сөндіру машинасы, 14 орман өртін сөндірудің шағын кешені, 8 өрт сөндіру прицепі жеткізіледі. Бұдан басқа, Үкіметтің резервінен 4400 өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге бөлінді.

Жалпы, бес жылда Азаматтық қорғаудың кешенді жоспарына сәйкес табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін жарақтандыруға 68 млрд теңге қаражат қарастырылған.

Министр үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік орман қорғау мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 100%-ға көтерілгені туралы есеп берді. Ал штаттағы әкімшілік қызметкерлер және де штаттан тыс қызметкерлерге министрлік пен кәсіподақ арасындағы салалық келісімнің шеңберінде 70% үстемеақы қарастырылғанын жеткізді.

Бұған қоса, орман қорғау шараларын жүзеге асыру шеңберінде орманның өрт қаупі жоғары учаскелерінде өртті ерте анықтау жүйесі орнатылатын болады. Осы орайда орманды бақылау және өртті ерте анықтау үшін министрлікте Ахуалдық орталық құру жоспарлануда.

«Бұл жүйенің енгізілуінің заңсыз ағаш кесу мен браконьерлікке қарсы күресте маңызы зор», – деді Е.Нысанбаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2024 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2741
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3448
18 мая родились
Калмуханбет Касымов
экс-начальник Службы государственной охраны Республики Казахстан
Олжас Сулейменов
писатель, общественный деятель
Forbes Video

Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить