Алматы қаласы ТЖ департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Нұрлан Атығаев тағайындалды.

Жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.

Нұрлан Атығаев 1978 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Айыртау ауданы № 7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы болып бастады. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2020 жылдың желтоқсан айынан 2023 жылғы қазан айына дейінгі аралықта Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Вице-министр ТЖД қызметін жетілдіру, атап айтқанда жылыту маусымында алдын алу шараларын, қысқы кезеңдегі іс-шараларды күшейту, түрлі төтенше жағдайлар санын азайту, әсіресе халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттауды күшейту бойынша міндеттер қойды.

Ерлан Нұрпейсов жеке құрам арасында заңдылықты, тәртіпті сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және алдын алу шараларын мүлтіксіз орындау туралы атап өтті.

Қорытындылай келе, вице-министр ұжымға қойылған барлық міндеттерді шешуде табысты жұмыс тіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3016 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2741
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3447
17 мая родились
Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан
Игорь Рогов
председатель комиссии по правам человека при президенте РК
Forbes Video

Пойдёт ли Мухтар Джакишев в политику?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить