Қазақстанда дәрілік заттарды сақтауға арналған кеден қоймаларына қойылатын талаптарды жеңілдету жоспарлануда

Ашық НҚА порталында талқылау үшін «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасы жарияланды.

Бұйрық жобасында серияландыру жабдығының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру кезінде қалыптастырылатын сәйкестендіру кодына, атап айтқанда таңбалау коды деректерінің екінші тобына толықтыру енгізілетін 32-тармаққа өзгерістер енгізу көзделген.

Сондай-ақ, жобада кеден қоймаларының тиісті дистрибьюторлық практика стандартының(GDP) талаптарына сәйкестігі қажеттілігі алынып тасталады, таңбалаудың ақпараттық жүйесіне жаңа функционалдың қосылуына және өндірістен тыс қайта тіркеу бойынша тауарлардың қадағалануына байланысты нақтылаулар мен толықтырулар енгізіледі.

Бұдан басқа, қабылдау/беру актілерінің, ішкі орын ауыстыру актісінің, есептердің және таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан енгізу және шығару туралы хабарламалардың нысандары жаңартылады.

Жобаны талқылауы 30 қазанға дейін жүргізіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3127 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4041
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2740
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3446
16 мая родились
Владимир Божко
государственный деятель, экс-министр по ЧС
Forbes Video

Кто даёт деньги стартаперам?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить