Қазақстан мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды

2023 жылғы 16-20 қазан аралығында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің шақыруымен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло мырза Қазақстан Республикасына ресми сапарымен келді.

Сапар аясында Н.Ралло Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директорының еліміздің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтті.

Осылайша, ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін артып отыр. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 13 пайызға жоғары. Сонымен қатар Қазақстанның азаматтық авиацияны басқару жүйесін реформалау саласындағы оң ілгерілеу байқалатынына назар аударылды. Кездесу барысында Николас Ралло ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті, жолаушылар үшін әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе тасымалы нарығын ілгерілету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформа мен бастаманы қолдайтынын айтып жеткізді.

Сонымен бірге кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасында азаматтық авиация саласын одан әрі дамыту мақсатында Ұшу қауіпсіздігінің ұлттық жоспарын әзірлеу және бекіту, авиация саласына арналған персоналды оқыту, авиациялық оқиғаларды тергеу жүйесін нығайту маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі бастамалар одан әрі жалғасатынын айтып жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап талқыланған мәселелер бойынша жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3273 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2741
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3447
17 мая родились
Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан
Игорь Рогов
председатель комиссии по правам человека при президенте РК
Forbes Video

Раимбек Баталов: санкции, переезд российского бизнеса, помощь предпринимателям

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить