Қазақстан мен Қытайдың монополияға қарсы органдары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) мен Қытай Халық Республикасының нарықтарды реттеу жөніндегі Мемлекеттік басқармасы (НРМБ) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға БҚДА Төрағасы Марат Омаров пен министрдің орынбасары Gan Lin ханым (Гань Лин) қол қойды.

Меморандум Қазақстан мен Қытайдың монополияға қарсы органдары арасындағы бәсекелестік және бәсекелестік саясат саласындағы құқық қолдану практикасы саласындағы өзекті мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

БҚДА Төрағасы Марат Омаровтың айтуынша, Меморандум ынтымақтастықты нығайтуға және өзара іс-қимыл аясында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

«БҚДА басқа елдердің монополияға қарсы реттеушілерімен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырады. Бүгін қол қойылған Келісім Қазақстан мен Қытайдың монополияға қарсы ведомстволары арасындағы бәсекелестік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді және екі ел арасындағы нарықтардың тиімді жұмыс істеуі мақсатында монополияға қарсы заңнама мен саясатты табысты қолдануға жәрдемдесу үшін маңызды мәнге ие болады», - деді БҚДА басшысы Марат Омаров.

Өз кезегінде Gan Lin (Гань Лин) ханым қазақстандық тарапқа сындарлы диалог үшін алғысын білдіріп, ведомстволар арасында анағұрлым тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ жосықсыз бәсекелестікке қарсы күрес саласында тәжірибе алмасуға үміт білдірді.

Gan Lin (Гань Лин) ханым цифрлық платформаларды монополияға қарсы реттеу тәсілдері бойынша Қытай тарапының тәжірибесіне көбірек тоқталды. Қытай үкіметі цифрлық экономиканың тұрақты және дамуына үлкен мән береді және цифрлық платформаларды, соның ішінде электрондық коммерцияны (тамақ жеткізу, онлайн ойындар және т.б.) монополияға қарсы қадағалау кезінде әділ реттеуді ұстанады. Монополияға қарсы реттеудің мысалы ретінде Alibaba Group корпорациясына қатысты тәжірибе, сондай-ақ цифрлық платформалар қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы нұсқаулықты дайындау және жариялау жайын айтып берді.

Екі елдің ведомстволарының басшылары цифрлық нарықтар мен платформаларды реттеу, биржалық сауда, сондай-ақ Қытай нарықтарында жүргізіліп жатқан тергеулер мен картельдер бойынша тәжірибелер саласындағы мәселелер бойынша пікір алмасты.

Жиын соңында Gan Lin ханым (Гань Лин) БҚДА өкілдерін 2024 жылы өтетін Қытайдың монополияға қарсы форумына қатысуға шақырды.

Анықтама: Қытай Халық Республикасының нарықты реттеу жөніндегі Мемлекеттік басқармасы (НРМБ) Министрліктің атынан Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесіне тікелей бағынатын әкімшілік орган. Мемлекеттік монополияға қарсы басқарма НРМБ құрамына кіреді және Қытай нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуға және монополияға қарсы заңнаманы реттеу сынды жауапты қызметтер жүктелген.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2100 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4041
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2740
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3446
17 мая родились
Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан
Игорь Рогов
председатель комиссии по правам человека при президенте РК
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить