Алматы облысында жыл басынан бері тексерілген 61 медициналық ұйымда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері анықталды.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, медициналық ұйымдарда жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды орындамаған. Сондай-ақ, дезинфекциялау-стерилдеу режимінің сақталмауы анықталды.
«Микробиологиялық зерттеуге 2300 шайынды алынды. Тексеру нәтижиесі бойынша ішек таяқшасы тобының бактериялары мен стафилококтар анықталды. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың стерильділігін бақылау мақсатында 500-ден астам шайынды тексерілді, оның 4-і оң нәтиже көрсетті. Зерттелген 370 ауа сынамасының 17- нен оң нәтиже шықты, бұл ауаны зарарсыздандыруға қойылатын талаптардың сақталмауын растайды», - деп атап өтті облыстық департаменттен.
Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 25 млн 892 мың 250 теңге айыппұл салынды, 27 субъектіге бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, 2 материал сотқа жіберілді, 3 медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді.
«Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облысында есепте тұрған 1007 медициналық ұйымның арасында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін 54 денсаулық сақтау объектісі (5,4%) анықталды. Оның ішінде ауылдардағы 35 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін нысан 2023-2024 жылдары құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу үшін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына енгізілді», - деп атап ведомстводан.
Вам может быть интересно: «FT узнала об угрозе Египта переправить 1 млн палестинских беженцев из Газы в ЕС»
