ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Отбасын қолдау орталықтарына арналған бірыңғай Тұжырымдаманың жаңа жобасын әзірлеуде

Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі ведомство қабылдап жатқан бірқатар шаралар туралы хабардар етті.

«Соңғы төрт жарым жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 869 адам қаза тауып, 2086 адамның денсаулығына ауыр зиян келтірудің жағдайлары тіркелген. Бұл статистика үлкен алаңдаушылық тудырады», - деп атап өтті министр.

Министрлік профилактикалық іс-шараларды кешенді түрде өткізуге ерекше назар аударады. Осылайша, Қазақстанда зардап шеккендерді қолдайтын 68 орталық жұмыс істейді; оның 19-ында уақытша тұруға болады. Психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмекпен қатар орталықтардың мамандары Отбасы институтын нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері 100 мыңнан астам кеңес берілген.

Сондай-ақ, агрессорлармен психологиялық жұмыс жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Оның мақсаты отбасыларды сақтау және тұрмыстық қылмыстар санын азайту болып табылады. 16 қазаннан бастап республикада отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 111 бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы іске қосылды. Бұл арқылы зардап шеккендерге жедел түрде құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетіледі.

«Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті құралы әзірленді. Бұл интерактивті құрал некеге тұрған ерлі-зайыптылардың отбасылық оң дәстүрлер мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша хабардар болуын арттыруға бағытталған. «Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті нұсқаулығы «Электрондық үкімет» жүйесінде тақырыптық бейнеролик түрінде орналастырылады және некені онлайн тіркеуге өтініш берген азаматтар үшін міндетті нұсқаулық болады», – деп толықтырды Аида Балаева.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша 2025 жылға дейін әр сала бойынша балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашу жоспарын әзірлеу және бекіту; отбасын қолдаудың жаңа орталықтары мен наркологиялық мекемелердің ашылуын қамтамасыз ету, психотерапевтер мен наркологтарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін пысықтау; сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде қабылданған түзетулер бойынша кең түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3811 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3441
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Маргулан Сейсембай: о Казахстане в эпоху Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить