Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Беларусь жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-білім беру консорциумының ІХ отырысы өтті. Оның аясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды, ынтымақтастық басымдықтары белгілендә және екі елдің жоғары оқу орындары арасында меморандумдарға қол қойылды.
Бүгінгі таңда консорциум еліміздің 23 университеті мен ҒЗИ, Беларусьтің 27 жоғары оқу орны мен ғылыми ұйымдарын біріктіреді. Ынтымақтастық білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға, сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде кеңінен тәжірибе алмасуға бағытталған.
Кездесу барысында консорциумның өткен жылдардағы қызметі туралы есепті консорциум үйлестірушілері - Қазақстан тарапынан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және Беларусь тарапынан БҰТУ ректоры Сергей Харитончик назарға ұсынды.
Қазақстандағы Беларусьтің Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпиннің айтуынша, 12 жыл бұрын құрылған ғылыми-білім беру консорциумы өз мақсаттарын толық ақтады.
«Осы уақыт ішінде мықты білім беру, ғылыми, инновациялық инфрақұрылым құрылды. Беларусь пен Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ҒЗИ арасында тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған. Бұған қатысушылардың үнемі кеңейіп келе жатқан аясы дәлел бола алады. Өзара іс-қимылдың негізгі нысандарының қатарына ғылыми-техникалық ынтымақтастық, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, профессорлық-оқытушлық құрамның, магистранттардың, докторанттардың ғылыми тағылымдамалары, бірлескен білім беру бағдарламаларын, іс - шараларды іске асыру және бірлескен оқу-әдістемелік және ғылыми өнімдерді әзірлеу жатады», - деп атап өтті дипломат.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Байбосынов консорциумның дамуына баса назар аударды.
Беларусь ұлттық техникалық университетінің ректоры Сергей Харитончик консорциум қызметінің нәтижелеріне тоқталды.
«Ғылыми-білім беру консорциумының қызметі билік органдары мен ғылыми және білім беру топтарын басқару желісі бойынша байланыстарды кеңейтуге, дипломатиялық өкілдіктердің диалогына жәрдемдеседі. Бізге консорциумға қосымша ұйымдар, мекемелер қосылуда. Біздің алаңның маңыздылығы артып келеді. Елдеріміздің ректорларының тағы бір форумы қосылуда. Менің ойымша, бұл біздің байланыстарымызды кеңейтіп, қарым-қатынасымызды тереңдетеді. Консорциумның 2021-2022 жылдардағы іс - шаралар жоспарын орындау барысында Беларусь пен Қазақстанның ЖОО ынтымақтастығы айтарлықтай жанданды», - деп толықтырды консорциум үйлестірушісі.
Сондай-ақ, осы күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Беларусь тілі мен мәдениеті орталығына Якуб Колас аты берілді
Вам может быть интересно: «Израиль: на юге сектора Газа создана «гуманитарная зона»»
