Алматылықтар Республика күнін қалай атап өтеді

Алматыда Республика күніне арналған іс-шаралар 20 қазан күні сағат 11:00-де Мемлекеттік қуыршақ театрындағы «Аlmaty puppet festival» бірінші халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылуымен басталады

Фестиваль 24 қазанға дейін жалғасады, жас көрермендерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден – Өзбекстан, Польша, Болгария, Грузия, Түркиядан келген театрлар ұжымы өнер көрсетеді.

Республика күні мерекесі аясында қалада өзге де бірқатар шара өтеді:

21 қазан сағат 10:00 - де қаланың барлық ауданында еріктілер фронт кеңсесімен бірлескен «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық сенбілігі өтеді. Сенбілік аясында қала аумағын тазарту, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аула аумақтарын жинау, сонымен бірге жаппай ағаш отырғызу жоспарланған.

23 қазан сағат 15:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында дәстүрлі әншілердің қатысуымен «Байтақ елім, Қазақстан» патриоттық мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар, Жамбыл атындағы филармонияда этномәдени бірлестік шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт болады.

24 қазан сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтеді.

Негізгі мерекелік концерт Республика күніне орай сағат 15:00-де Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Республика сарайында ұйымдастырылады.

Бұған қоса, сағат 17.00-де Құрманғазы атындағы консерваторияда оқу ордасының жетекші ұжымдары мен солистерінің қатысуымен «Жасай бер, Қазақ елі» атты салтанатты концерт болады.

Республика күні, 25 қазанда сағат 11:30-да «Медеу» биік таулы спорт кешенінде мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Әнұранын жаппай орындау салтанатты рәсімі өтеді.

Іс-шараға қала жастары, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, сол күні сағат 11:00-де Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Ел өркенін өсірген азаттық» тақырыбында квиз және «Декларация –тәуелсіздікті бекітудің алғашқы қадамы» атты көрме ұйымдастыру жоспарда.

25 қазан сағат 14:00-де Көктөбе саябағында «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымының қатысуымен «Жасай бер мәңгі – Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтеді.

Осы күні Қазақ мемлекеттік циркінде сағат 16:00-де Республика күніне және атақты клоун әрі сиқыршы, цирк әртісі Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығына орай бенефис ұйымдастырылады. Қонақтарға акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтар қатысатын шоу-бағдарлама ұсынылады.

Бұған қоса, 25 қазанда сағат 20:00-де Астана алаңында Республика күніне орай мерекелік отшашу болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2453 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3441
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Как Дамир Аманжолов боролся с мародерами и помогал раненым во время беспорядков в Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить