QazaqGaz және Geo-Jade Қазақстанда газ өндірісі бойынша кен орнын игереді

17 қазан күні «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Geo-Jade Petroleum Corporation президенті Дэй Сяопин негізгі қағидаттар туралы келісімге қол қойды. Келісім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясының қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» саммиті аясында бекіді.


17 қазан күні «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Geo-Jade Petroleum Corporation президенті Дэй Сяопин негізгі қағидаттар туралы келісімге қол қойды. Келісім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясының қатысуымен «Бір белдеу, бір жол» саммиті аясында бекіді.

Құжат газ өндірісі бойынша Придорожное кен орнын бірлесіп игеруге негіз болмақ. Жобалау жұмыстары 2024 жылы басталады деп күтілуде.

«QazaqGaz үшін басты міндеттердің бірі – газдың ресурстық базасын ұлғайту. Біз елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейту бағытында қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Сондықтан компания ҚР Энергетика министрлігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету үшін газ саласында ауқымды реформаларды іске асыруда және инвесторларды газ кен орындарын игеруге тартуда», – деді Санжар Жаркешов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін QazaqGaz және Geo-Jade Petroleum Corporation компаниялары Қазақстан аумағындағы газ кен орындарына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Аталған келісім бүгінгі қабылданған маңызды құжатқа негіз болды. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2307 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3441
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Как построить бизнес в Казахстане без агашек

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить