Денсаулық сақтау министрлігі BGI Group компаниясымен бірлесіп МУА базасында радиология және телемедицина бойынша тренинг орталығын ашуға келісті

Бейжіңде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Мемлекет басшысы Си Цзиньпинннің кездесуі шеңберінде «Бір белдеу және бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумында екі ел делегацияларының мүшелері бірқатар ресми құжаттарға қол қойды.

Мәселен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университеті, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы және BGI Group компаниясы арасында ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандум жасалды, оның мақсаты елордада аурулардың кең спектрін диагностикалау мен емдеуде геномдық технологияларды әзірлеу, енгізу және жетілдіру үшін геномдық зерттеулер институтын құру болып табылады.

BGI Group медициналық-биология ғылымдары мен геномика саласындағы әлемдегі жетекші ұйымдардың бірі болып табылады. Оның бүкіл әлем бойынша 100-ден астам елде бизнесі бар.

Сондай-ақ, бүгін Астана медицина университеті мен жоғары өнімді заманауи радиологиялық жабдықтар мен сәулелік терапияны әзірлеуге және өндіруге маманданған, сондай-ақ радиология саласындағы зияткерлік цифрлық шешімдерді (AI) әзірлеумен айналысатын Shanghai United Imaging компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Shanghai United Imaging Healthcare компаниясымен Астана Медицина Университетінде радиология және телемедицина бойынша тренинг орталығын ашуға келісті. Аталған тренингтің шеңберінде әлемнің үздік мамандары дәрігерлер, оқытушылар мен студенттерге арналған тренингтер өткізеді.

Жоғарыда аталған барлық серпінді жобалар ҚР халқын диагностикалау мен емдеу сапасын жақсартуға бағытталған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2321 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3444
15 мая родились
Гульшара Абдыкаликова
экс-аким Кызылординской области
мажоритарный владелец Alageum Group
Нуртай Абыкаев
президент Казахстанской академии естественных наук
Forbes Video

Казахи в Украине: бизнес в условиях войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить