2024 жылы Ақтөбе облысында бірқатар медициналық ғимарат күрделі жөндеуден өтеді

 

Өңір басшысы Асхат Шахаров облыс орталығында орналасқан медициналық нысандарды аралап шықты. №2 қалалық емхана, медициналық колледждің паллиавтивтік көмек көрсету орталығы, көпсалалы облыстық аурухана және «Аяла» балаларды сауықтыру орталығының тыныс-тіршілігімен танысты.

Ақтөбенің Алматы ауданындағы №2 қалалық емхананың іргетасы 1935 жылы қаланған. Мұнда тіркелген 84 мың адамға жан-жақты медициналық көмек көрсетіледі. Былтыр емдеу мекемесінің негізгі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталған-ды. Алайда, қабатаралық жабындыны ашқан кезде үрліктердің шірігендігі анықталғандықтан, жұмыстар тоқтатылды. Құжаттары қайтадан мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Облыстық бюджеттік комиссия қорытынды беруі қажет. Жоба облыс әкімі тарапынан қолдау тапты. Қажетті 500 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді. 2024 жылдың маусымына дейін емхана пайдалануға берілуі тиіс.

Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің паллиативтік көмек көрсету орталығы бұрынғы облыстық перинаталдық орталық ғимаратында орналасқан. Мекемеде алдағы уақытта паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім бөлімшелері, хоспис ашылады. Болашақ медицина мамандары тек оқып қана қоймай, тәжірибе жинақтайды. Бұл ғимаратқа да күрделі жөндеу қажет. Бүгінде ЖСҚ колледж қаражатына әзірлену сатысында.

Күрделі жөндеуді қажет ететін тағы бір нысан - көпсалалы облыстық аурухана. 50 жылдан аса тарихы бар 350 орындық ғимарат тозған, кейбір жабдықтары ескірген. Асхат Шахаров аурухананың хирургия, травматология бөлімшелерін аралап шықты. Кеше өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар бұл мекемеге құрал-жабдықтар алу үшін ақша бөлді. Өңір басшысының тапсырмасымен, жаңа 250 керует, операциялық үстел және т.б. қажетті заттар сатып алынады. Сондай-ақ, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін жоба әзірлеу міндеті қойылды.

«Облыс орталығында 600 мыңнан астам тұрғын бар. Күннен-күнге адам саны көбейіп келеді. Алдағы уақытта медициналық көмек көрсету аясын кеңейту мақсатында Көпсалалы облыстық аурухананың филиалын ашамыз. Ол Алматы ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді және қазіргі Облыстық фтизиопульмонологиялық орталық ғимаратында болады. 2024 жылы мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Мәслихат 1,1 млрд. теңге бөліп отыр. Ал халық арасында «Мочалов ауруханасы» деп аталып кеткен аурухана қаланың шетінде орналасқан «Шағаланың» ғимаратына көшіріледі», - деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Батыс-2 ықшам ауданындағы «Аяла» балаларды оңалту орталығы жылына 2000-нан астам балаға медициналық көмек көрсетеді. Ауыр неврологиялық ақаулары бар, эпилепсия, даун синдромымен ауыратын, күрделі кардиохирургиялық және ортопедиялық операциядан кейін оңалтуды қажет ететін науқастар ем алады. Облыс әкімі балаларға көрсетілетін медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, ата-аналарға қолжетімді ету, дәрігерлердің қызметін жетілдіру, ең бастысы профилактикалық медицинаны дамыту шараларын басты назарда ұстау керектігін айтты. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2373 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3441
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить