2015 жылдан бастап Қазақстанда 1000-нан астам мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жасалды

Абу-Даби қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) Дүниежүзілік МЖӘ форумы өтті. Іс-шараға ҚР ҰЭМ «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Самат Сағындықов, ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Алмаз Құсайынов қатысты.

Форум барысында Орталық және Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің өкілдері МЖӘ тетіктерін қолданудың үздік тәжірибелерімен бөлісті.

МЖӘ ҚазОрталығының басшысы атап өткендей, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заң қабылданған сәттен бастап (2015 ж.) ҚР-да МЖӘ жобаларының, оның ішінде әлеуметтік салада белсенді өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елімізде 1 086 МЖӘ шарты жасалды.

Қолданыстағы жобалар - 789

Республикалық деңгейде - 15

Жергілікті деңгейде - 774

Іске асырылды - 297

Қазақстан заңнамасында қолдау шараларының кең ауқымы көзделген: мемлекеттік меншік объектілерін 30 жылға дейінгі мерзімге пайдалану құқығы, коммуникациялармен қамтамасыз ету. Мемлекет объект құнының 30%-на дейін қоса қаржыландыруды, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұтыну кепілдігін береді, инвестициялық және операциялық шығындардың бір бөлігін өтейді, субсидиялар мен басқа да шараларды ұсынады.

Сондай-ақ, МЖӘ ҚазОрталығы инвесторлар үшін тартымды ірі жобалар мен МЖӘ тетіктерін жетілдіру жөніндегі алдағы жоспарларды ұсынды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3861 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3441
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить