Қазақстан мен Қытай ветеринариялық жүйесіне аудит жүргізу үшін ҚХР Бас кеден басқармасы өкілдерінің сапарын өткізу туралы келісті

Қазақстандық ветеринариялық қызмет ҚХР Бас кеден басқармасымен ағымдағы жылдың қараша айының басында Қазақстанның ветеринариялық жүйесіне аудит жүргізу және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүдделі кәсіпорындарды инспекциялау үшін ҚХР Бас кеден басқармасы сарапшыларының сапары туралы келіссөздер жүргізді.

Тараптарды талқылау шеңберінде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы Б. Абызбаев жоғарыда аталған сапарды ұйымдастырудың қазақстандық тарапының дайындығы туралы атап өтті. Сондай-ақ Тараптар ветеринариялық жүйенің (инспекцияның) алдағы аудитінің егжей-тегжейін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру объектілеріне бару бағдарламасын талқылады. Сонымен қатар, қытай тарапы кәсіпорынды инспекциялау кезінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаудан бастап өнімді экспортқа жіберу пунктіне дейінгі барлық тізбекті көргілері келетіндігі туралы айтты.

«Жақын арада біз ҚХР Бас кеден басқармасы енгізген аусыл мен құс тұмауы бойынша шектеулерді Қазақстанға қатысты алып тастай аламыз деп үміттенеміз, бұл қазақстандық өндірушілерге өз өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Б.Абызбаев.

Аусыл және құс тұмауы бойынша шектеулерді алып тастау қазақстандық ветеринариялық қызмет жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін ірі өткізу нарықтарының бірі болып табылатын Қытайға мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3887 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3441
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Что не так с национальной политикой Казахстана?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить