Алматы тауларында туристік ақпараттық тақтайшалар орнатылды

Іле-Алатау ұлттық саябағының 10 тау бағыттарында туристердің қауіпсіздігін және хабардар болуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тауларда табиғатты сақтауға арналған үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жаңа ақпараттық тақтайшалар пайда болды.

Almaty Tourism Bureau басшысы Камила Лұқпанова «Біз тау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудара отырып, туристік тәжірибені жақсарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Орнатылған тақтайшалар туристерді бір мезгілде хабардар етеді және экологиялық жауапкершілікке шақырады. «Табиғатты қорғаңыз және үйге жағымды әсерлермен оралыңыз!» «Make earth green to keep it clean!», «Өзіңізден кейін, тазалықты сақтағаныңыз үшін рахмет!», «Our climate is changing; why aren’t we?» – тау әуесқойлары үшін табиғи байлыққа ұқыпты қарау туралы еске салып тұрады», – деп атап көрсетті.

Ақпараттық тақтайшалар - шағылыстырғыш жабынмен қапталған металл тақтайшалардан тұрады. Олар вандализмге төзімді сенімді қондырғылармен жабдықталған және бағыттарға орнатылған:

Бутаковка шатқалы

Кімасар шатқалы

«Горельник» кемпинг аймағы

Кіші Алматы шатқалы (Медеу)

Кіші Алматы шатқалы (Ақбұлақ)

«Қайың тоғайы» кемпинг аймағы

Үлкен Алматы шатқалы (ГЭС-2)

Проходное шатқалы

Казачка шатқалы

«Казачка» кемпинг - аймағы

Сондай-ақ, бұл орындарда бағыттың ұзақтығы және өту уақыты туралы көрсеткіштер орнатылған. Almaty Tourism Bureau таулы жорықтар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады, сондай-ақ демалушылардан табиғатқа ұқыпты қарауды, тауда қоқыс қалдырмауды сұрайды, өйткені тазалықтың сақталуы туристердің өздеріне байланысты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2865 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3439
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Куанышбек Есекеев: 5G, интернет в сёлах и киберспорт

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить