Қазақстан мектептерінде тамақтанудың жаңа моделі әзірленді

Елімізде әзірленген жаңа модель мектепте тамақтану мәдениетін қалыптастырудың кезеңдік іс-шаралар кешенін қамтиды. Пилоттық жоба Астана қаласының алты мектебінде жүзеге асырылуда. Аталған модель Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп құрылды.

Бірінші кезеңде мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды бағалау және талдау мақсатында балалардың мектеп асханасындағы мінез-құлқының үлгілерін байқап зерттеу, антропометриялық көрсеткіштерді өлшеу (бойы, салмағы) және дұрыс тамақтану қағидаттарын білуге сауалнама жүргізіледі.

Екіншісінде - салауатты өмір салты саласындағы білім мен тәжірибені байыту үшін жеткізушілерді, мектеп персоналын, оқушыларды және олардың ата-аналарын оқыту ұйымдастырылады.

Үшінші кезең балалардың дұрыс тамақтануына және физиологиялық қажеттіліктерін есепке алуға баса назар аудара отырып, оқушылардың тамақтануын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды үйлестіруді білдіреді.

Төртінші кезеңде балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған мектепте тамақтанудың жаңа моделін әзірлеу көзделіп отыр. Бұл үдеріс денсаулықты сақтауға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында үйлестірілген тәсілді қамтамасыз етпек.

Соңғы кезең - енгізілген өзгерістердің мониторингі және тиімділігін бағалау.

Айта кетейік, бұған дейін Министрлік тамақтануды ұйымдастырудың қауіпсіз жағдайларына әсер ететін критерийлерді зерттеген болатын. Соған сәйкес Ұлттық дәстүрлерге және өңірде өндірілетін отандық өнімдердің ассортиментіне сәйкес мәзір әзірленді.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап алғаш рет 1,6 млн. астам оқушы, оның ішінде 1,4 млн. астам бастауыш сынып оқушылары және 220 мың ХӘОТ санатындағы 5-11 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2887 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3439
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Пойдёт ли Мухтар Джакишев в политику?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить