Марат Қарабаев ИКАО-ның аймақтық директоры Николя Ралломен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ИКАО ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Сөз кезегінде Николя Ралло Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының қолдауымен өткізілетін іс-шараларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтіп, ИКАО авиациялық қауіпсіздік пен әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан жүргізіп жатқан барлық реформа мен бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

Сонымен қатар министр мен өңірлік директор авиация саласында кадрларды оқытудың, оқыс оқиғаларды тергеу жүйесін нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиация саласындағы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло ҚР Көлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитетінің шақыруымен Қазақстанға ресми сапарымен келген болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2874 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3439
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить