Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында қоғамдағы мәдениет пен жауапкершіліктің маңыздылығы мәселесіне тоқталып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкім аталмыш телеарнаға берген сұхбатында елорданың еріктілері қамқор тұрғындармен бірге Солтүстік Ирландиямен өткен матчтан кейін «Астана Арена» стадионындағы қоқыстарды жинап, мәдениеттілік танытқанын еске салды.
«Астанада мәдениетті сақтау ерекше маңызды деп есептеймін. Елорда өзгелерге үлгі болуы керек. Тіпті кейбір қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері сабақ ретінде қабылдануы тиіс. Мәселен, кеше ғана Сәтбаев көшесін абаттандыру жұмысын аяқтасақ, бүгін біреулер әлденені бұзып үлгерді.
Құқық бұзушымен қоғам болып күресуіміз керек.
Ондай әрекеттермен күресу – біздің әрбіріміздің міндетіміз.
Сондықтан тәрбиені мектептен, үйден бастау керек. Қаламызда білім және мәдениет мәселелеріне басымдық берілген. Бұл туралы Мемлекет басшысы бір емес, бірнеше рет айтты», – деді Жеңіс Қасымбек.
Жалпы, әкім елорда әкімдігінің жұмысындағы маңызды бағыттар – бұзақылықпен күрес, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, қаланы абаттандыру және т.б. екендігіне тоқталды.
Вам может быть интересно: «Байден запросил у Конгресса $106 млрд на помощь Израилю, Украине и укрепление границы»
