Ханчжоу-2022 Азия Пара ойындарының қалашығында Қазақстан туы көтерілді

Бүгін, 21 қазанда Ханчжоудағы пара атлетикалық ауылда Қазақстанның мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан құрамасы ресми түрде IV Азия Пара ойындарының сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Шараға Қазақстан құрамасының спортшылары мен спорт саласының мамандары қатысты.

«Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аман-есен жетті. Біздің спортшылар классификациядан сәтті өтіп, өздерінің спорт класын растады. Спортшылардың класы паралимпиадалық спортта шешуші рөл атқарады, бұл барлық қатысушылар үшін әділ жарыстарды қамтамасыз етеді. Енді біздің алдымызда құнды медальдар үшін қарқынды күрес тұр. Қарсыластарымыз осал емес. Осы Ханчжоу-2022 пара ойындарына еліміздің тарапынан спорттың 14 түрі бойынша 131 спортшы қатысады, бұл Қазақстанның Азия пара ойындары тарихындағы қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд. Алдыңғы ойындарға Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысып, 33 жүлдеге қол жеткізген болатын. Биылғы жылы одан да көп медаль әкелеміз деп үміттенеміз», - деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

Қазақстан Туын көтеру рәсіміне қатысқан пара пауэрлифтигтен Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионы Давид Дегтярев салтанатты іс-шарадан алған әсерімен бөлісті.

«Бүгін Ханчжоуда еліміздің туы көтерілді. Өзге елде Қазақстанның туы желбіреп тұрғаны әрдайым қуантады. Еліміздің көк байрағын осылай биіктен желбіретуге бар күшімізді саламыз», - деді ол.

Айта кетсек, IV Азия Пара ойындары 22-28 қазан аралығында Ханчжоу (ҚХР) қаласында өтеді. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3756 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить