Астанадағы Қарасу өзенінің бойына 40 мың ағаш көшеті отырғызылды

Республика күні мерекесі аясында Қазақстанның барлық өңірінде «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атты экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметі. 

Бұл күні барлық өңірлердің азаматтары еліміздің экологиясын жақсартуға үлес қосу үшін жалпыға бірдей республикалық сенбілікке шықты. Мұндай іс-шаралар азаматтық белсенділіктің, бірліктің және қоршаған ортаны жақсартуға деген жалпы ұмтылыстың жарқын көрсеткіші болып табылады.

Бүгін сенбілікке 270 мыңнан астам адам қатысты. Елордада Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің эколог-студенттері қатысты.

Акция барысында республика бойынша 40 мыңнан астам қалдық жиналды. Жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге 1200 тонна шыны, 3150 тонна пластик, 420 тонна резеңке, 1300 тонна қағаз және картон, 890 тонна металл тапсырылды.
Астанада Қарасу өзенінің бойында 40 мың ағаш көшеті отырғызылды, оның 200 көшетін ведомство қызметкерлері отырғызды.

Алдағы мерекеге орай іс-шара өтетін жерде министр аумақтық экология департаменттеріне 11 автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Олардың қатарында Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстары бойынша департаменттер бар.

Біз осы іс-шараға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Таза және жарқын ел үшін бірлескен күш-жігерімізді келешекте жалғастырамыз деп үміттенеміз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1885 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Арман Сулейменов – IT-звезда Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить