ҰЭМ басшылығы ПЖКР мүшелерімен инвестициялық саясат мәселесін талқылады

Іс-шараға Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, АХҚО өкілдері, Ұлттық экономика вице-министрлері, ПЖКР мүшелері және кәсіпкерлер қатысты.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Министрлік экономикаға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға әрдайым ашық және кездесулерді осы форматта үнемі өткізіп отырады.

«Біз бұған дейін сіздермен өңірлік дамуды, жаңа Салық кодексінің жобасын талқыладық. Бүгін инвестициялық саясат бойынша ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз», - деді ол.

Өз сөзінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов инвестициялық саясат, оның ішінде осы бағыттағы құралдар, қабылданып жатқан шаралар және одан әрі даму туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл шаралар Үкіметтің жаңа міндеттері аясында өте өзекті болып отыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ұлттық экономика көлемін 2 есеге ұлғайту және 2029 жылға қарай $450 млрд–қа дейін жеткізу міндетін қойды.

«Инвестициялардың ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) өсуінің негізгі драйвері ретіндегі маңызды рөлін ескере отырып, дұрыс инвестициялық саясатты құрудағы жұмысты жандандыру өте маңызды», - деді ол.

Сондай-ақ бюджеттік саясат және мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау мәселелері талқыланды. Қатысушылар даму бюджетіне назар аударды. Ұзақмерзімді және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін мемлекеттік шығыстар құрылымындағы даму бюджетінің үлесін ұлғайту маңызды.

Бүгінгі таңда ҰЭМ Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін (МЖЖ) әзірлеуде. Инвестициялардың тиімділігі МЖЖ мен индикаторлардың сапалы әзірленуіне байланысты болады. Бұдан басқа, МЖЖ шеңберінде Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар әзірленеді.

Инвестициялық жобалардың тиімділігі, оның ішінде жобаларды іске асырудағы әкімдердің жауапкершілігі туралы да сөз қозғалды. Осыған байланысты, әкімдер мен олардың орынбасарлары, салалық мемлекеттік органдар басшылары тарапынан жұмысты жандандыру қажет.

ПЖКР мүшелері салықтық ынталандыру, орталықсыздандыру, бір көзден сатып алу, техникалық шарттар, бюджетті жоспарлау, демография, экология және т.б. мәселелерді көтерді.

ҰЭМ басшылығы қатысушылардың барлық айтылған ұсыныстары тағы да зерделеніп, жұмыста пайдаланылатынына сендірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2547 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Нурлан Смагулов: Цены на авто, утильсбор, долги MEGA, «агашки», аукционы, бизнес за границей

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить