2024 жылы Қандыағаш - Ембі автомобиль жолы жөнделеді

 Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Ақтөбе өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Халық тарапынан Қандыағаштан Ембіге дейінгі жолдың жағдайына қатысты шағым өте көп. Жол жамылғысының бұзылуына соңғы жылдары Мұғалжар тауынан Қандыағаш және Ақтөбе қалалары бағыты бойынша инертті материалдар таситын ауыр салмақты жүк көліктерінің артуы себеп.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, «КАЖ Сервис» ЖШС пайдаланушы мекеме биылғы жылы шұңқырларды жою, жүру бөлігі және жол жиегін пішіндеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен бірге, Мұғалжар тауынан 350 тонна инертті материал тасылып, қауіпті аймақтарда шұңқырларды бітеу және жол жамылғысы тегістелуде.

Келер жылы Қандыағаш қаласынан бастап Жұрын ауылына дейін, яғни 30 шақырым орташа жөндеу жұмыстары бөлінетін қаржыға сәйкес жүргізілетін болды. Шамамен 4 млрд.тг қаражат қажет. Министр қажетті қаржының бөлінуіне ықпал ететінін айтты.

Бүгінгі күні «Шалқар-Қандыағаш» бағытындағы жолдың 20 шақырымында орташа жөндеу бойынша асфальт жұмыстары аяқталды. Алдағы жылы аталған жол «Қандыағаш-Ембі» бағытындағы құрылыс жұмыстарымен қатар, бір уақытта жасалады.

Көлік министрі Марат Қарабаев облыс әкімі Асхат Шахаровпен бірге «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» автомобиль жолының «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскелеріндегі реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Мердігер компания өкілдері автомобиль жолын келер жылы толықтай пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Ақтөбе облысы аумағында «Бейнеу-Бозой-Шалқар» автожолында техникалық-экономикалық негіздеме дайындау жұмыстары басталды. 2024 жылы «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» республикалық автомобиль жолының екі учаскелерінде құрылыс жұмыстары басталады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2777 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Андрей Мовчан: мигранты, курс рубля, инфляция

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить