Жарық ауылына жыл соңына дейін газ беріледі

Ауылда 104 үй, 3 әлеуметтік нысан бар, 556 адам тұрады.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың жұмыс сапары Мұғалжар ауданында жалғасын тапты.

Мұғалжар ауданына қарасты ауыл тұрғындарының айтуынша, газ тарту жұмыстары былтыр басталып, тоқтап қалған. Өйткені, «Асу-К» мердігер компаниясы келісімшарттағы міндеттемелерін орындамапты.

Екі апта бұрын 266 млн теңгеден астам сомаға жаңа компаниямен келісімшарт жасалып, жұмыстар қайта жанданды. «A.T.E-ЖОЛ» ЖШС директоры Азамат Жәлімбетовтің сөзінше, Жарық ауылына жыл соңына дейін газ тартылады. Құбырлардың диаметрі - 110, 160 см.

Ауылдың сумен қамтылу мәселесі де толықтай шешілген. «Элитстройсервис» ЖШС жұмыстарды аяқтауға жақын. Айтып өту керек, Жарыққа су тарту 2021 жылы қолға алынған еді, алайда мердігер компанияның жосықсыз деп танылуынан жұмыстар жоспар бойынша жүргізілген жоқ.

Биыл Мұғалжар ауданында Жарықтан бөлек, Мұғалжар мен Жаңатұрмыс ауылдарына көгілдір отын, Құмсайға су тартылады. 9 ауылға ауызсудың кешенді блок модулі қондырылды. Осылайша, аудандағы 37 елдімекеннің 24-і газдандырылады. Ал ауызсумен қамтылу 100% көрсеткішке жетеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2602 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Почему Булат Абилов рвётся к власти?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить